"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 1062 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (2015 жылғы 2 маусымда Қостанай облысының әділет департаментімен № 5635 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |