"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 1062 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 маусымда № 5635 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.02.2017 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Айтқожинова Р.Б.) жоғарыда көрсетілген Ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкімдімдігінің
2015 жылға 28 сәуірдегі
№ 1062 қаулысымен бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың коммуналдық меншігін басқару, қала бюджетін атқарылуын, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 74.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және қаланың коммуналдық меншігін тиімді басқару.
      15. Міндеттері:
      1) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті, мониторингті жүргізу;
      2) коммуналдық меншікті басқару;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) қалалық бюджетке түсімдерді болжау;
      3) түсімдер және қалалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
      4) қаланың коммуналдық мүлкінің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      5) қаланың коммуналдық мүлік объектілерін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде ұсыну, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін кепілдікке және өтеусіз пайдалануға беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жүргізу;
      6) қаланың коммуналдық мүлкін (тұрғын емес мақсатта) жалға алушылар шегінде жалгерлік ақыны (айыппұлдар) есептеуді және қала бюджетіне жалгерлік төлемдердің уақтылы және толық түсуіне бақылауды жүзеге асырады;
      7) жекелеген негіздер бойынша қаланың коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) қаланың мүлкін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      8) сенімгерлік басқарушының қаланың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
      9) қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісінің бағалауын қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сату-сатып алу шарттарын дайындау мен жасасуды және сату-сатып алу шарттарының талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) қалалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелермен Қазақстан Республикасының қалалық бюджеттің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымына Қостанай қаласының әкімі тағайындайды және қызметен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      2) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;
      4) шарттар жасасады;
      5) сенімхаттар береді;
      6) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
      7) барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады