Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 30.06.2021 № 1304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 2 қаулысына және Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 116 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6890 болып тіркелген), Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 1473 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 21 шілдедегі № 6550 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
әкімдік қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |
2017 жылғы 12 маусымдағы № 1701 әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2016 жылғы 22 маусымдағы № 1473 әкімдігінің қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
1. Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 29 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 67 (алпыс жеті теңге) мөлшерінде;
2. Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 135 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 38 (отыз сегіз теңге) мөлшерінде;
3. Қостанай қаласы, Наурыз көшесі, 7 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 38 (отыз сегіз теңге) мөлшерінде;
4. Қостанай қаласы, Воинов-Интернационалистов көшесі, 2/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 58 (елу сегіз теңге) мөлшерінде;
5. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 6/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 82 (сексен екі теңге) мөлшерінде;
6. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 43 (қырық үш теңге) мөлшерінде;
7. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес теңге) мөлшерінде;
8. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр данғылы, 4Б үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 52,57 (елу екі теңге, елу жеті тиын) мөлшерінде;
9. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр данғылы , 8А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 52,25 (елу екі теңге, жиырма бес тиын) мөлшерінде;
10. Қостанай қаласы, А. Мирошниченко көшесі, 3А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 51,75 (елу бір теңге, жетпіс бес тиын) мөлшерінде.