Қостанай қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 2 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 116 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 6890 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай қаласының Герцен көшесі Қобыланды батыр даңғылы деп қайта аталсын.
      2. Қостанай қаласының Таран көшесі Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады