Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 1304 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23639 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      әкімдіктің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 22 маусымдағы № 1473 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6550 болып тіркелген);

      әкімдіктің "Қостанай қаласы әкімдігінің 20116 жылғы 22 маусымдағы № 1473 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1701 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7129 болып тіркелген).

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі К. Ахметов

  2021 жылғы 30 маусымдағы
  № 1304 қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғынжай қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 29 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 52 (елу екі) теңге мөлшерінде;

      2. Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 135 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 38 (отыз сегіз) теңге мөлшерінде;

      3. Қостанай қаласы, Наурыз көшесі, 7 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 38 (отыз сегіз) теңге мөлшерінде;

      4. Қостанай қаласы, Воинов-Интернационалистов көшесі, 2/1 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 58 (елу сегіз) теңге мөлшерінде;

      5. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 6/1 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 59 (елу тоғыз) теңге мөлшерінде;

      6. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 43 (қырық үш) теңге мөлшерінде;

      7. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33/1 үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 45 (қырық бес) теңге мөлшерінде;

      8. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 4Б үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 53 (елу үш) теңге мөлшерінде;

      9. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 8А үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 52 (елу екі) теңге мөлшерінде;

      10. Қостанай қаласы, А. Мирошниченко көшесі, 3А үй, айына жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін 52 (елу екі) теңге мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады