Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 01.08.2023 № 280 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға 60 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Балғарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Арқалық қаласы
мәслихатының хатсышы
____________ Г. Елтебаева