Арқалық қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 280 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 05 желтоқсандағы № 451 "Арқалық қаласында жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 7420 болып тіркелген).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады