"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 365 ұсынысы негізінде Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Шилі ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сұлукөл селолық округі әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 3 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Шилі ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6729 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сұлукөл ауылдық округінің әкімі | Қ. Шәріпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Ахметжанова Д.А.
2017 жылғы 30 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Тайшибаев А. Т.
2017 жылғы 30 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Дуйсенов Е. Г.
2017 жылғы 30 қазан