Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл селолық округі әкімінің 30.10.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 444 ұсынысы негізінде Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Шилі ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Е. Ибраев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетің атқарушы
______________________ С. Ж.Туралин
2016 жылғы желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А.Т.Тайшибаев
2016 жылғы 5 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Е.Г. Дуйсенов
2016 жылғы 5 желтоқсан