Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.03.2019 № 286 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінін 19-1 – бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 59 "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6662 тіркелген, 2016 жылғы 1 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | Н. Алашбаев |
Жітіқара аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | А. Кабиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемелекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Хакимов
2017 жылғы 17 ақпан
Мәслихаттың 2017 жылғы 17 ақпандағы № 99 шешіміне қосымша |
Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,013 |
2 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 0,93 |
3 | Қонақ үйлер, емдеу-сауықтыру орындары | 1 орын | 1,04 |
4 | Балабақшалар, сәбилер балабакшалары | 1 орын | 0,39 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,70 |
6 | Емханалар | 1 келу | 0,11 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,24 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,16 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,67 |
10 | Кинотеатрлар | 1 орын | 0,08 |
11 | Стадиондар | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
12 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,86 |
13 | Өнеркәсіп тауарларының дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,23 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,30 |
15 | Көтерме сауда базалары, өнеркәсіп тауарларының қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,27 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 2,5 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 3,95 |
20 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
21 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,45 |
22 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 0,98 |
23 | Химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
24 | Зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
25 | Уақ жөндеулер және қызметтер (кілттерді дайындау және бұдан әрі) | 1 жұмыс орны | 0,98 |
26 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,63 |
27 | Бау -бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,25 |