Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 286 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 8320 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) мәслихаттың "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 59 (2016 жылғы 1 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6662 болып тіркелген) шешімі;

      2) мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 59 "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 99 (2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6928 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады