Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 59 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қазанда № 6662 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 286 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.03.2019 № 286 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жітіқара ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау осы мәселені жетекшілік ететін Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясының төрағасы Д. Мункебаев
      Жітіқара аудандық
      маслихатының хатшысы А. Кабиев

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі, автомобиль

      жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ А. Хакимов

      2016 жылғы 20 қыркүйек

  Мәслихаттың
2016 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 59 шешіміне қосымша

Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 17.02.2017 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№р/с

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,013

2

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

0,93

3

Қонақ үйлер, емдеу-сауықтыру орындары

1 орын

1,04

4

Балабақшалар, сәбилер балабакшалары

1 орын

0,39

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,70

6

Емханалар

1 келу

0,11

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

1,24

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,16

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

0,67

10

Кинотеатрлар

1 орын

0,08

11

Стадиондар

Жоба бойынша 1 орын

0,03

12

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,86

13

Өнеркәсіп тауарларының дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,23

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер

Сауда алаңы 1 м2

0,30

15

Көтерме сауда базалары, өнеркәсіп тауарларының қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,20

16

Вокзалдар, автовокзалдар

Жалпы алаңы 1 м2

0,17

17

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,27

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

2,5

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

3,95

20

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

21

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,45

22

Шаштараздар

1 жұмыс орны

0,98

23

Химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

24

Зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,31

25

Уақ жөндеулер және қызметтер (кілттерді дайындау және бұдан әрі)

1 жұмыс орны

0,98

26

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,63

27

Бау -бақша кооперативтері

1 учаске

2,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады