Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 17.05.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 "Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6724 тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрайымы | Ж. Ескиндирова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ А. Сидякин
Мәслихаттың 2017 жылғы 1 наурыздағы № 111 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 шешіміне қосымша |
Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы үй | 1 тұрғын | 1,48 |
2 | Жайлы емес үй | 1 тұрғын | 2,02 |
3 | Интернаттар, қарттар үйі | 1 орын | 1,62 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,55 |
5 | Бөбекжай-бақшалары | 1 орын | 0,94 |
6 | Мекемелер, офистер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,64 |
7 | Емхана | 1 адам | 0,46 |
8 | Аурухана | 1 төсек орын | 1,91 |
9 | Мектептер, колледж | 1 оқушы | 0,19 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар | 1 орын | 1,18 |
11 | Концерт залдары | 1 орын | 0,30 |
12 | Мұражай | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
13 | Стадион | жоба бойынша 1 орын | 0,38 |
14 | Азық -түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,64 |
15 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
16 | Базарлар, дүңгіршектер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,60 |
17 | Көтерме базалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
18 | Автовокзал | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
19 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
20 | Автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,15 |
21 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,66 |
22 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,29 |
23 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
24 | Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
25 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
26 | Моншалар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |