Қарабалық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 255 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 мамырда № 7796 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 "Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6724 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған);

      2) 2017 жылғы 1 наурыздағы № 111 "Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 "Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6968 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде "Айна" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы А. Бисенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

      көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________________________ Б. Изенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады