Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 17.05.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19 -1- бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрағасы |
А. Бисенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Тюлюбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________ А. Сидякин
Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 шешіміне қосымша |
Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 01.03.2017 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы үй | 1 тұрғын | 1,48 |
2 | Жайлы емес үй | 1 тұрғын | 2,02 |
3 | Интернаттар, қарттар үйі | 1 орын | 1,62 |
4 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,55 |
5 | Бөбекжай-бақшалары | 1 орын | 0,94 |
6 | Мекемелер, офистер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,64 |
7 | Емхана | 1 адам | 0,46 |
8 | Аурухана | 1 төсек орын | 1,91 |
9 | Мектептер, колледж | 1 оқушы | 0,19 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар | 1 орын | 1,18 |
11 | Концерт залдары | 1 орын | 0,30 |
12 | Мұражай | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
13 | Стадион | жоба бойынша 1 орын | 0,38 |
14 | Азық -түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,64 |
15 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
16 | Базарлар, дүңгіршектер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,60 |
17 | Көтерме базалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
18 | Автовокзал | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
19 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
20 | Автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,15 |
21 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,66 |
22 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,29 |
23 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
24 | Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
25 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
26 | Моншалар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |