18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 6909 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 25.01.2018 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген) сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай - ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда 80 % азайту жолымен түзетілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу
ауданының әкімі
А. Шәмшиев

О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативных карточках, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 17 февраля 2017 года № 35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 марта 2017 года № 6909. Утратило силу постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 25 января 2018 года № 16

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 25.01.2018 № 16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 9 Закона Республики Казахстан от 28 июня 2005 года "О государственных пособиях семьям, имеющим детей", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 319 "О некоторых мерах по реализации Закона Республики Казахстан" О государственных пособиях семьям, имеющим детей", (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11507) акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Уменьшить на 80% среднюю урожайность (продуктивность), приведенных в нормативных карточках, а также цены представляемые органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Карасуского района
А. Шамшиев