Әкімдіктің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 ақпанда № 7499 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6909 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады