Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 13.04.2020 № 511 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 11 тамыздағы № 51 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"10) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын коммуналдық мемлекеттік мекеме;";
7-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, жедел емделуге, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;";
7-тармақтың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алумен байланысты, нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі - білім), алған тұлғалар санынан, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде:
өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi - ең төменгi күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге;";
14-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) осы Қағидалардың 7-тармағының 2), 4), 5)-тармақшаларында көрсетілген адамдардың (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
А. Кириченко |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Копжасаров |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
__________________ Р. Лактионова
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина