Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6345 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | В. Черненко |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Т. Кабдуллин
2017 жылғы 23 маусым
"КЕЛIСIЛДI"
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ Б. Жумабеков
2017 жылғы 23 маусым
"КЕЛIСIЛДI"
Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң
"Экономика және қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
_________________ З. Кенжегарина
2017 жылғы 23 маусым