Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387, 379, 381 және 383-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын:
1) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
2) жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
2. Қосымшаға сәйкес Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 23.06.2017 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай аудандық | |
мәслихатының кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | А. Кириченко |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Досжанов |
мемлекеттік кірістер
Департаментінің "Қостанай
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндеттерін атқарушы
_____________________ А. Бекенов
Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 шешіміне қосымша |
Қостанай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-120 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда "Арна" газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 349 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-137 тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашада "Арна" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-142 тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 наурыздағы № 278 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 "Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5513 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған).