Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы № 147 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 7136 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 220 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6345 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы В. Черненко
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Копжасаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Т. Кабдуллин

      2017 жылғы 23 маусым

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      ________________ Б. Жумабеков

      2017 жылғы 23 маусым

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң

      "Экономика және қаржы бөлiмi"

      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

      _________________ З. Кенжегарина

      2017 жылғы 23 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады