"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Т. Даиров |
Науырзым ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 116 қаулысына қосымша |
2017 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi |
ІІІ құрғақ дала аймағы | |
Жұмсақ жаздық бидай | 2017 жылғы 15 мамырдан 31 мамырға дейін |
Арпа | 2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
Сұлы | 2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
Қарақұмық | 2017 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін |