Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.05.2019 № 283 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 290 "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
19-ншы кезектен тыс сессияның төрайымы, | |
аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |
"КЕЛІСІЛДІ"
Чапаев ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
_____________ Э. Байбулов
2017 жылғы 15 қыркүйек
Мәслихаттың 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 шешіміне 1-қосымша |
|
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 290 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Чапаев ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Чапаев ауылдық округінің аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Чапаев ауылдық округінің әкімі шақырады. Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Чапаев ауылдық округі шегінде бөлек жиынды өткізуді Чапаев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Чапаев ауылдық округі қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Чапаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Чапаев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чапаев ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чапаев ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Чапаев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 шешіміне 2-қосымша |
|
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 290 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Чапаев ауылдық округінің Речное ауылының тұрғындары үшін | 23 |