Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 883 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, 2017 - 2019 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының келесі тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Әбішева |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы (VI сайланған, ХІV сессиясы), № 125/14 шешіміне қосымша |
2017-2019 жылдарда cубсидиялауға жататын Павлодар
облысының әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 292/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ р/с | Қала және аудан атауы | Маршруттардың тізімі |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақсу қаласы |
"Теміржол вокзалы - Ескі монша" |
2 | Ақтоғай ауданы |
"Ақтоғай - Шолақсор - Ақтоғай" |
3 | Железин ауданы | "Железинка - Моисеевка - Железинка" |
4 | Ертіс ауданы |
"Ертіс - Қызылқақ - Ертіс" |
5 | Тереңкөл ауданы |
"Тереңкөл - Ивановка - Львовка - Фрументьевка - Воскресенка - Березовка - Трофимовка" |
6 | Аққулы ауданы |
"Майқарағай - Аққулы" |
7 | Май ауданы | "Ақшиман - Көктөбе - Ақшиман" |
8 | Павлодар ауданы |
"Ольгинка - Павлодар" |
9 | Успен ауданы |
"Дмитриевка - Қоңырөзек - Успен" |
10 | Шарбақты ауданы |
"Шарбақты - Қосқұдық - Сахновка - Шарбақты" |