Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 28.06.2021 № 168/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрі | Т. Сүлейменов |
2017 жылғы "26" қыркүйек |
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы қыркүйектегі № 289/5 қаулысына қосымша |
Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 24.04.2019 № 123/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/н | Қала/аудан атауы | Ауылдық округтің атауы | Ауылдық елді мекенің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ақсу қаласы | Евгеньевка | Евгеньевка |
2 | Ақсу қаласы | Қалқаман | Қалқаман |
3 | Ақсу қаласы | Қызылжар | Қызылжар |
4 | Екібастұз қаласы | Ақкөл | Ақкөл |
5 | Екібастұз қаласы | Әлкей Марғұлан атындағы | |
6 | Екібастұз қаласы | Шиқылдақ | |
7 | Екібастұз қаласы | Екібастұз | Төртүй |
8 | Ақтоғай | Қараоба | Қараоба |
9 | Баянауыл | Майқайың | |
10 | Железин | Қазақстан | Жаңа жұлдыз |
11 | Железин | Михайлов | Михайловка |
12 | Железин | Башмачин | Башмачное |
13 | Ертіс | Абай | Голубовка |
14 | Ертіс | Ағашорын | Ағашорын |
15 | Ертіс | Северный | Северное |
16 | Тереңкөл | Байқоныс | Байқоныс |
17 | Тереңкөл | Бобровка | Жаңабет |
18 | Тереңкөл | Федоровка | Федоровка |
19 | Аққулы | Шарбақты | Шарбақты |
20 | Аққулы | Ямышев | Ямышево |
21 | Май | Баскөл | Баскөл |
22 | Май | Қаратерек | Қаратерек |
23 | Павлодар | Григорьевка | Набережное |
24 | Павлодар | Красноармейка | Красноармейка |
25 | Павлодар | Луганск | Луганск |
26 | Успен | Қоңырөзек | Қоңырөзек |
27 | Успен | Лозов | Лозовое |
28 | Успен | Равнополь | Константиновка |
29 | Шарбақты | Александровка | Александровка |
30 | Шарбақты | Жылы-Бұлақ | Хмельницкий |
31 | Шарбақты | Шалдай | Шалдай |