Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 289/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 123/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6325 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 168/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 28.06.2021 № 168/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 289/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5646 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасында:

      16, 17, 18-жолдардағы 2-бағандағы "Качирский" сөзі "Тереңкөл" сөзімен ауыстырылсын;

      19, 20-жолдардағы 2-бағандағы "Лебяжі" сөзі "Аққулы" сөзімен ауыстырылсын.

      30-жолдағы 3-бағандағы "Хмельницкий" сөзі "Жылы-Бұлақ" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      2019 жылғы "7" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады