Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 168/5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23320 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы "Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" № 14 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22172 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 289/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5646 болып тіркелген);

      2) Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 289/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 123/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6325 болып тіркелген).

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады