Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 83/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Регион.kz" газетінде жарияланған);
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 83/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 119/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5071 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |