"Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 83/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 4451 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 354/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.11.2017 № 354/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Өрсариевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 83/3 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының тұрғындары арасында дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140003, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 170 құрылыс.

      10. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі–жұма сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі–жексенбі.

      11. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление физической культуры и спорта Павлодарской области".

      12. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Павлодар облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

      17. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты дене шынықтыруды және спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру мен спорт субъектілерінің материалдық-техниалық базасын құруға және нығайтуға, олардың инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. Облыстық деңгейде Павлодар облысының тұрғындары арасында дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Павлодар облысының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;

      3) мүдделі органдармен бірлесіп дене шынықтыру және спорт бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапаның, стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) облыс аумағында спорттың алуан түрлері бойынша облыстық жарыстарды үйлестіру және өткізу;

      2) спорттың алуан түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      3) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      4) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      5) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

      6) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;

      8) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының, сондай-ақ спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiту және оның iске асырылуын қамтамасыз ету;

      9) Павлодар облысының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну;

      10) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;

      11) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзу;

      12) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолдану;

      13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

      14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру;

      15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келісу;

      16) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының, сондай-ақ спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      19) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру;

      20) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      21) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қарастырылатын жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері өкілеттіктерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау;

      22) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi өткеруге байланысты мәселелердi іске асыру;

      23) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 119/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкімі мен әкімдігінің қарауына "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрау және алу;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      4) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдар мен сотта білдіру;

      5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

3. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      25. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етеді;

      2) өз орынбасарларының міндеттерін, өкілеттігін, сондай-ақ "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттауды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалауды жүзеге асырады;

      5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      9) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      10) "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін алқа құрылады. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі алқасының сандық және жеке құрамын "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бекітеді.

      27. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

"Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар

      1) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Астана" мұз сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Баянтау" спорт сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      4) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Жоғары спорттық шеберлік мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      5) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      6) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      7) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "№ 2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Футбол бойынша "Ертіс" олимпиялық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

3. Мемлекеттік мекемелер

      1) Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Олимпиадалық резервті даярлау орталығы" мемлекеттік мекемесі;

      2) Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады