Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 83/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 119/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 5071 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 354/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.11.2017 № 354/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 83/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Регион.kz" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 20-тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "23) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;".

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады