Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 168/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 08 желтоқсанда № 5721 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы "Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы" № 258/29 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3777 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Крук
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Облыстық мәслихаттың
(VІ сайланған ХVIІ сессиясы)
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 168/17 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және облыстың Құрмет грамотасымен наградттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар наградталады.

      3. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, қалалық, аудандық атқарушы және өкілді органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Павлодар облысының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Павлодар облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Павлодар облысының Құрмет грамотасының формасы:

      - қазақ тілінде: Павлодар облысының Құрмет грамотасы;

      - орыс тілінде: Почетная грамота Павлодарской области.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Павлодар облысы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Павлодарская область" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде наградталушының тегін, атын, әкесінің және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3-тарау. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының және Павлодар облысы әкімінің ұсынысы бойынша Павлодар облысының тиісті мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына облыс мәслихатының төрағысы және Павлодар облысының әкімі қол қояды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының төрағысымен және Павлодар облысының әкімімен өткізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Павлодар облысы мәслихатының жанында құрылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 42/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Наградтау бойынша материалдар Павлодар облысының өкілді органдарында сақталады.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 22 ноября 2017 года № 168/17. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 08 декабря 2017 года № 5721.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой Павлодарской области.

      2. Признать утратившим силу решение Павлодарского областного маслихата от 28 марта 2014 года № 258/29 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3777, опубликованное в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 13 мая 2014 года).

      3. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам обеспечения прав, законных интересов граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Крук
      Секретарь областного маслихата В. Берковский

  Утверждено
решением областного маслихата
(ХVIІ сессия, VI созыв)
от 22 ноября 2017 года № 168/17

Положение
о награждении Почетной грамотой Павлодарской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее положение разработано в соответствии Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой области и ее вручения.

      2. Почетной грамотой Павлодарской области награждаются граждане за значительные достижения и личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, образования, укрепление межнационального согласия и взаимопонимания, в воинской, а также иной государственной службы и общественной деятельности региона.

      3. Представления к награждению Почетной грамотой Павлодарской области вносятся трудовыми, творческими коллективами, городскими, районными представительными и исполнительными органами, общественными объединениями, за большой вклад в укрепление демократии, дружбы и общественного согласия, формирование и реализацию социальной и экономической политики на территории Павлодарской области.

      4. В наградном листе установленного образца излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем предприятия, организации, учреждения, государственного органа.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 27.06.2023 № 42/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Описание Почетной грамоты Павлодарской области

      5. Форма Почетной грамоты Павлодарской области:

      - на казахском языке: Павлодар облысының Құрмет грамотасы;

      - на русском языке: Почетная грамота Павлодарской области.

      Почетная грамота состоит из папки голубого цвета с вкладышем с изображением герба Республики Казахстан на лицевой стороне и надписью на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги. На лицевой стороне вкладыша в верхней части нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи на казахском языке в верхней части "Павлодар облысы" и внизу на русском языке "Павлодарская область".

      На развороте с левой и правой сторонах вкладыша нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи с левой стороны на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и с правой стороны на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на казахском языке.

      С правой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на русском языке.

Глава 3. Порядок вручения Почетной грамоты Павлодарской области

      6. Решение о награждении Почетной грамотой Павлодарской области принимается на сессии соответствующего маслихата Павлодарской области по представлению председателя Павлодарского областного маслихата и акима Павлодарской области.

      Почетная Грамота подписывается председателем областного маслихата и акимом Павлодарской области.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 27.06.2023 № 42/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Вручение Почетной грамоты Павлодарской области проводится в торжественной обстановке, председателем Павлодарского областного маслихата и акимом Павлодарской области.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 27.06.2023 № 42/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой Павлодарской области направляются в постоянную комиссию по обеспечению прав и законных интересов граждан, представителей малого и среднего бизнеса созданного при маслихате Павлодарской области.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 27.06.2023 № 42/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Материалы по награждению хранятся в представительных органах Павлодарской области.