Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 22 қарашадағы № 168/17 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5721 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
4, 6, 7, 8 –тармақтар ережесі жаңа редакция жазылсын:
"4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
6. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының және Павлодар облысы әкімінің ұсынысы бойынша Павлодар облысының тиісті мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына облыс мәслихатының төрағысы және Павлодар облысының әкімі қол қояды.
7. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының төрағысымен және Павлодар облысының әкімімен өткізіледі.
8. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Павлодар облысы мәслихатының жанында құрылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |