Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 21.11.2017 № 1380/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 360/11 қаулысына (2017 жылғы 3 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5485 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
28-жолда 4 және 6 бағанда "19805" сандары "20378" сандарына ауыстырылсын;
77-жолда 3-бағанда "150" сандары "175" сандарына ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген қосымша 100-жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Н. Әшімбетов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "12" маусымдағы № 709/20 қаулысына қосымша |
100 | "Инара" Балаларды дамыту орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) | 75 | 19100 | - | 19100 |