Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 1380/39 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 08 желтоқсанда № 5722 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 360/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5485 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 360/11 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 709/20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5568 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Т. Қ. Сқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады