Баянауыл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 225/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қазанда № 5633 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 83/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 22.04.2022 № 83/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданында мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Тоғжігітоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

  Баянауыл аудан әкімдігінің
2017 жылғы "11" қыркүйектегі
№ 225/9 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам)

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Мүгедектерге үшін жұмыс орындарының саны, (адам)

1.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Баянауыл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

371

4

14

2.

"МТС Жайма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

2

1


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Баянаульском районе

Постановление акимата Баянаульского района Павлодарской области от 11 сентября 2017 года № 225/9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 5 октября 2017 года № 5633. Утратило силу постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 22 апреля 2022 года № 83/4(вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Баянаульского района Павлодарской области от 22.04.2022 № 83/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498, акимат Баянаульского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в Баянаульском районе организациям, без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, со списочной численностью работников:

      от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников, согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тогжигитову Б.К.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района О. Каиргельдинов

  Приложение
к постановлению акимата
Баянаульского района от
"11" сентября 2017 года
№ 225/9

Перечень организаций, для которых устанавливается
квота рабочих мест для инвалидов

Наименование организации

Списочная численность работников, (человек)

Размер квоты (% списочной численности работников)

Количество рабочих мест для инвалидов, (человек)

1.

Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Баянаульская центральная районная больница" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области

371

4

14

2.

Товарищество с ограниченной ответственностью "МТС Жайма"

55

2

1