Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 225/9 "Баянауыл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5633 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х. Талиповқа жүктелсін
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | С. Батыргужинов |