Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 22.04.2022 № 83/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданында мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Тоғжігітоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Каиргельдинов |
Баянауыл аудан әкімдігінің 2017 жылғы "11" қыркүйектегі № 225/9 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам) | Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Мүгедектерге үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1. | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Баянауыл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 371 | 4 | 14 |
2. | "МТС Жайма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 55 | 2 | 1 |