Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, аудандық "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 31 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақ келесі мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:
"2-4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғалар;";
9-тармақтағы 4-1) тармақша "қызметшілердің" сөзінен кейін "бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың)" сөздерімен толықтырылсын;
10-тармақтағы 3) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін бірге жүрушілердің 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, медициналық мекеме жолдамасының, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектер ұсынумен;";
10-тармақтағы 4) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балаларды балабақшада ұстауға төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан анықтаманың негізінде;";
11-тармақтағы 2) тармақшадағы төртінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санаттарға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының тұрақты бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрайымы, | |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |