Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 71/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5418 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, аудандық "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 31 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9-тармақ келесі мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғалар;";

      9-тармақтағы 4-1) тармақша "қызметшілердің" сөзінен кейін "бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың)" сөздерімен толықтырылсын;

      10-тармақтағы 3) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға емделу және қаралу үшін бірге жүрушілердің 40 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, медициналық мекеме жолдамасының, тұрғаны үшін және барып келгенге дейінгі шығынды растайтын түбіртектер ұсынумен;";

      10-тармақтағы 4) тармақшадағы алтыншы абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балаларды балабақшада ұстауға төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан анықтаманың негізінде;";

      11-тармақтағы 2) тармақшадағы төртінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 10-7) тармақшасында көрсетілген санаттарға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының тұрақты бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады