Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 23.02.2018 № 1-03/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малынан қарасан ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауданының Майқарағай ауылдық округінің "Алга" шаруа қожалығының аумағында карантин белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Лебяжі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Майқарағай ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | С. Раскелдинов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Лебяжі ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | К.Ж. Тлеуғабыл |
2017 жылғы "30" қараша | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Лебяжі | |
аудандық аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ғ.Қ. Сағалов |
2017 жылғы "30" қараша | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық | |
сақтау министрлігі Қоғамдық | |
денсаулық сақтау комитеті | |
Павлодар облысы Қоғамдық | |
денсаулық сақтау департаментінің | |
Лебяжі аудандық қоғамдық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Т.Х. Сламбеков |
2017 жылғы "30" қараша |