Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округінің "Алга" шаруа қожалығының аумағында карантинді белгілеу туралы

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 5732 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 1-03/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 23.02.2018 № 1-03/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малынан қарасан ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауданының Майқарағай ауылдық округінің "Алга" шаруа қожалығының аумағында карантин белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Лебяжі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Майқарағай ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы С. Раскелдинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Лебяжі ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы К.Ж. Тлеуғабыл
      2017 жылғы "30" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Қ. Сағалов
      2017 жылғы "30" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Қоғамдық
      денсаулық сақтау комитеті
      Павлодар облысы Қоғамдық
      денсаулық сақтау департаментінің
      Лебяжі аудандық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Т.Х. Сламбеков
      2017 жылғы "30" қараша

Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства "Алга" Майкарагайского сельского округа Лебяжинского района

Решение исполняющего обязанности акима Майкарагайского сельского округа Лебяжинского района Павлодарской области от 30 ноября 2017 года № 1-03/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 декабря 2017 года № 5732. Утратило силу решением исполняющего обязанности акима Майкарагайского сельского округа Лебяжинского района Павлодарской области от 23 февраля 2018 года № 1-03/1 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением исполняющего обязанности акима Майкарагайского сельского округа Лебяжинского района Павлодарской области от 23.02.2018 № 1-03/1 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", исполняющий обязанности акима Майкарагайского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить карантин на территории крестьянского хозяйства "Алга" Майкарагайского сельского округа Лебяжинского района, в связи с выявлением болезни эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота.

      2. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел ветеринарии Лебяжинского района" (по согласованию), государственному учреждению "Лебяжинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (по согласованию), республиканскому государственному учреждению "Лебяжинское районное управление охраны общественного здоровья Департамента охраны общественного здоровья Павлодарской области Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
      Майкарагайского сельского округа С. Раскелдинов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющий обязанности руководителя
      государственного учреждения "Отдел
      ветеринарии Лебяжинского района" К.Ж. Тлеугабыл
      "30" ноября 2017 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного учреждения
      "Лебяжинская районная территориальная
      инспекция Комитета ветеринарного
      контроля и надзора Министерства
      сельского хозяйства
      Республики Казахстан" Г.К. Сагалов
      "30" ноября 2017 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель республиканского государственного
      учреждения "Лебяжинское районное
      управление охраны общественного
      здоровья Департамента охраны
      общественного здоровья
      Павлодарской области
      Комитета охраны общественного
      здоровья Министерства здравоохранения
      Республики Казахстан" Т.Х. Сламбеков
      "30" ноября 2017 года