Карантинді тоқтату және Лебяжі ауданының Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 30 қарашадағы "Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округінің "Алга" шаруа қожалығының аумағында карантинді белгілеу туралы" № 1 - 03/1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5887 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі "Алга" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Лебяжі ауданының Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 30 қарашадағы "Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округінің "Алга" шаруа қожалығының аумағында карантинді белгілеу туралы" № 1-03/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде, 2017 жылғы 23 желтоқсанда аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 49-50 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Майқарағай ауылдық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы С. Раскелдинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Лебяжі ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы К. Ж. Тлеуғабыл
      2018 жылғы "23" ақпан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Қ. Сағалов
      2018 жылғы "23" ақпан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Қоғамдық
      денсаулық сақтау комитеті
      Павлодар облысы Қоғамдық
      денсаулық сақтау департаментінің
      Лебяжі аудандық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Т. Х. Сламбеков
      2018 жылғы "23" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады