Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 4/423 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 3 қарашада № 1420 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының метрополитенімен және жеңіл рельсті көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын айқындау туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/118 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1283 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 4/423
қаулысына қосымша

Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар
тасымалдауды субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

      2) метрополитен – жолаушыларды және жүкті көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) жолдар бойынша ұдайы әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыратын, қалалық рельсті көліктің түрі;

      3) жеңіл рельсті көлік – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельсті көлік түрі;

      4) бағдар – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;

      5) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;

      6) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде немесе жеңіл рельсті көлікте жүретін жеке тұлға;

      7) тасымалдаушының есептік тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны;

      8) жергілікті уәкілетті орган – Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.

      3. Субсидиялауға тасымалдаушының қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты залалдары жатады.

      4. Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

2. Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар
тасымалдауды субсидиялау тәртібі

      5. Жергілікті уәкілетті орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы арасындағы залалдарды субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалады.

      6. Жергілікті уәкiлетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, тасымалдаушының залалын субсидиялау сомасын анықтайды.

      7. Жергілікті уәкiлетті орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

      8. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептік тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау келесі көрсеткіштердің негізінде жүргізіледі:

      1) жолаушылар тасымалын орындауға кірістер;

      2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстар.

      9. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:

      1) жұмыскерлердің еңбекақы қоры;

      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;

      3) электр қуатына жұмсалатын шығындар;

      4) жанар-жағар май материалдарына және өндірістік циклде тұрған техникаға жұмсалатын шығындар;

      5) электр жылжымалы құрамның қосалқы бөлшектеріне жұмсалатын пайдалану шығындары;

      6) жылжымалы құрамға, автокөлік және қосалқы техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындар;

      7) пошта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио, бейне және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      8) есептеу техникасын күтіп-ұстау және пайдалану шығыстары;

      9) баспахана жұмыстарына шығыстар;

      10) қалалық рельсті көлік ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп-ұстаушығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;

      11) аудиторлық қызметтерге, бағалау-сараптамалық қызметтер;

      12) банк қызметіне ақы төлеу;

      13) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар;

      14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;

      15) кадрларды даярлау;

      16) еңбекті қорғау шығыстары;

      17) тауар-материалдық қорларды сатып алуға арналған шығыстар.

      10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша келесі айдың 20-на дейін кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда айырмасы тиісті бюджетке қайтарылу тиіс.

Об утверждении Правил субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 20 октября 2017 года N 4/423. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 3 ноября 2017 года N 1420.

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом города Алматы, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Алматы от 1 апреля 2016 года № 2/118 "Об определении Правил субсидирования пассажирских перевозок метрополитеном и легкорельсовым транспортом города Алматы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1283, опубликованное 7 мая 2016 года в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы").

      3. Управлению пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, последующее официальное опубликование в периодических печатных изданиях, в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет ресурсе акимата города Алматы.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы М. Дарибаева.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Байбек

  Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
от 20 октября 2017 года
№ 4/423

Правила субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым
транспортом города Алматы 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом города Алматы (далее-Правила).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) городской рельсовый транспорт – вид транспорта (метрополитен, трамвай, легкорельсовый, монорельсовый транспорт), предназначенный для перевозки пассажиров по путям в границах города и пригородной зоне;

      2) метрополитен – вид городского рельсового транспорта, осуществляющего регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по путям, изолированным (отделенным, не имеющим одноуровневых пересечений) от линий иных видов транспорта и прохода пешеходов к ним;

      3) легкорельсовый транспорт – вид городского рельсового транспорта, осуществляющего регулярные социально значимые перевозки пассажиров и багажа по отдельно выделенным путям и характеризующегося меньшими, чем у метрополитена и железной дороги, габаритами, грузоподъемностью и скоростью сообщения;

      4) маршрут – путь следования транспортного средства между начальным и конечным пунктами;

      5) перевозчик – физическое или юридическое лицо, владеющее транспортным средством на праве собственности или на иных законных основаниях, предоставляющее услуги по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений за плату или по найму и имеющее на это соответствующее разрешение, выданное в установленном порядке;

      6) пассажир – физическое лицо, имеющее проездной документ (билет) и совершающее поездку на метрополитене или легкорельсовом транспорте;

      7) расчетный тариф перевозчика – себестоимость перевозки одного пассажира;

      8) местный уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере пассажирского транспорта города Алматы.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, определены в законодательных актах Республики Казахстан.

      3. Субсидированию подлежат убытки перевозчика, связанные с осуществлением пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом.

      4. Субсидирование пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом производится из местного бюджета.

2. Порядок субсидирования пассажирских перевозок
городским рельсовым транспортом

      5. Для субсидирования убытков между местным уполномоченным органом и перевозчиком, осуществляющего перевозку пассажиров, заключается Договор на перевозку пассажиров городским рельсовым транспортом в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Местный уполномоченный орган проверяет достоверность представленных документов, определяет сумму субсидирования убытка перевозчика.

      7. Для перечисления на текущий счет перевозчика причитающейся суммы, местный уполномоченный орган в соответствии с планом финансирования по платежам и бюджетной программой представляет в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате в двух экземплярах.

      8. Перевозчик ведет раздельный учет доходов и расходов, учитываемых при формировании его расчетного тарифа. Определение величины сумм, направленных на субсидирование расходов перевозчика, производится на основании следующих показателей:

      1) доходов за выполнение пассажирских перевозок;

      2) расходов на выполнение пассажирских перевозок.

      9. В расходы на пассажирские перевозки входят:

      1) фонд заработной платы работников;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      3) затраты на электроэнергию;

      4) затраты на горюче-смазочные материалы и на технику, занятую в производственном цикле;

      5) эксплуатационные расходы на запасные части электроподвижного состава;

      6) затраты на проведение технического обслуживания, ремонта подвижного состава и вспомогательной техники;

      7) почтово-телеграфные расходы, расходы на содержание и эксплуатацию телефонных станций, установок диспетчерской, радио, видео и других видов связи;

      8) расходы на содержание и эксплуатацию вычислительной техники;

      9) расходы на типографские работы;

      10) расходы на содержание, эксплуатацию зданий, сооружений и помещений городского рельсового транспорта;

      11) оплата аудиторских, оценочно-экспертных услуг;

      12) оплата услуг банка;

      13) расходы по содержанию военизированной аварийно-спасательной службы;

      14) платежи по обязательному страхованию;

      15) подготовка кадров;

      16) расходы на охрану труда;

      17) расходы на приобретение товарно-материальных запасов.

      10. Выплата бюджетных субсидий за последний календарный месяц года осуществляется на основе представленного не позднее 20-го декабря отчета по перевозкам, составленного по прогнозным данным, с последующим представлением отчета, составленного по фактическим данным в срок не позднее 20-го числа следующего месяца. В случае превышения заявленных прогнозных данных над фактическими, разница подлежит возврату в соответствующий бюджет.