Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
ХV сессиясының төрағасы | Е. Алпысов |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/8 шешіміне қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар
№ | Дәрілік заттардың атауы | Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы | Сирек аурулардың синонимдері және атаулары | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Халық санаты |
1. |
Инфликсимаб | Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2) | Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған балалар |
2. | Тобрамицин (ингаляцииялық түрі) | Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8) |
Басқа көріністі жылауықты фиброз | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
3. |
Бозентан | Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0) | Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
4. | Голимумаб | Анкилоздайтын спондилоартрит | Бехтерев ауруы | Дәстүрлі терапияға қанағаттанарлықсыз әсер кезіндегі барлық ауырлық дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |