"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүйекте № 4309 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3987 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХV сессиясының төрағасы Е. Алпысов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/8 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар

Дәрілік заттардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы

Сирек аурулардың синонимдері және атаулары

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Халық санаты

1.

Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб
Этанерцепт

Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған балалар

2.

Тобрамицин (ингаляцииялық түрі)

Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)

Басқа көріністі жылауықты фиброз
(муковисцидоз)

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

3.

Бозентан
Илопрост
Силденафил

Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

4.

Голимумаб

Анкилоздайтын спондилоартрит

Бехтерев ауруы

Дәстүрлі терапияға қанағаттанарлықсыз әсер кезіндегі барлық ауырлық дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады