"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3947 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
ХVІ сессиясының төрағасы | А.Молдағұлов |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | В.Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 қарашадағы № 16/2 шешіміне қосымша | |
"Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 7/3 шешіміне | |
1 қосымша |
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
№ р/с | Атауы |
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері | |
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер | |
1) | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру |
2) | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жалел Қизатов атындағы көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру |
3) | Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру |