Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық маслихат ШЕШТІ:
1. "Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы" Петропавл қалалық маслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 тамызда № 2907 болып тіркелді, "Қызылжар Нұры" және "Проспект СК" газеттерінде 2014 жылғы 22 тамызда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы";
шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі тоннасына 686 теңге көлемінде бекітілсін.";
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ю. Бацанов |
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
А. Бердағұлов |