Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Айыртау ауданы мәслихатының 2014 жылдың 29 қаңтардағы "Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" № 5-22-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5-34-4 шешімі (2015 жылғы 29 қаңтарда "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3081 тіркелген).
2) "Айыртау ауданы мәслихатының 2014 жылдың 29 қаңтардағы "Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" № 5-22-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Айыртау ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5-44-7 шешімі (2016 жылғы 26 қаңтарда "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3583 тіркелген).
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданыста енгізіледі.