"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә. Ғаббасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 05 қазандағы № 327 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізілімі
1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы № 37 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3615 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 ақпанында "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 181 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген, 2016 жылдың 02 маусымында "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған);
3) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 330 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2016 жылдың 06 қазанында "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған).