Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы N 181 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда N 3772 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 327 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 05.10.2017 № 327 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Әли Әнасұлы Ғаббасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі
А.Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Айыртау аудандық
Сайлау комиссиясының
төрағасы
2016 жыл 24 мамыр
Е.А. Мерғасымов

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 181 қаулысына 1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын
ОРЫНДАР

№ р/с
 

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Антоновка ауылдық округі

Антоновка ауылы "Журавка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының жанындағы стендте (келісім бойынша)

2.

Лобаново ауылдық округі

Лобаново ауылы "Оксана" дүкені ғимаратының жанындағы стендте (келісім бойынша)


  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 181 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Аумағында Антоновка және Лобаново ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу үшін үй-жайлардың
ТІЗІМІ

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Антоновка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Антоновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы, Школьная көшесі № 1 үй

2,

Лобаново ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Лобаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы, Ленин көшесі № 37 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады